Футбол
18 наурыз 2022 04:10

"Қайраттың" экс-қарсыласы Еуропа Лигасында керемет перфоманс жасап, жеңіске жетті

©Қайрат ФК

Футболдан Еуропа Лигасының 1/8 финалында Сербияның "Црвена Звездасы" мен Шотландияның 55 дүркін чемпионы "Рейнджерс" клубтары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Белградтағы қарымта матчта жергілікті жанкүйерлер "Райко Митич" стадионында керемет перформанс әзірледі. Глазгода 3:0 есебімен ұтылғанына қарамастан, сербиялық команда матч соңына дейін қарсылас қақпасына 13 дәл соққы бағыттады. Нәтижесінде Деян Станкович командасы жеңіске жетті. "Қызыл жұлдыз" сапында Мирко Иванич (10-минут) және Эль-Фарду (90+3) гол салса, қонақтардан Райан Кент (56-минут) ерекшеленді.

Қос ойынның есебі бойынша 2:4 есебімен Джоавнни Ван Бронкхорст баптайтын шотландиялық ұжым ширек финалға жолдама алды.  

Еске салайық, өткен жылы Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу айналымында "Қайрат" пен "Црвена" қарсылас атанды. "Орталық" стадионда жерлестеріміз 2:1 есебімен басым түссе, жанкүйерлер арасында "Маракана" деп аталып кеткен "Райко Митич" стадионында сербтер 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport