"Қайраттың" экс қарсыластары ЧЛ-де бес гол соқты

©РИА Новости

Чемпиондар лигасының плей-офф раундының алғашқы матчында Хайфаның "Маккабиі" өз алаңында Белградтың "Црвена Звездасын" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Израильдегі ойын алаң иелерінің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Барак Бахар командасының сапында Фратсди Пьеро (18 және 51-минут) және Тьяронн Шери (61) гол салса, сербиялықтардан Александр Пешич (27) және Каку Гелор Канга (39) көзге түсті.

Қарымта матч бір аптадан кейін Белградта өтеді. Қос матчта мерейі үстем болған команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алса, екіншісі Еуропа лигасының тобында ойнауға мүмкіндік алады.

Еске салайық, "Қайрат" 2002/03 жылы УЕФА Кубогінің іріктеу раундында, 2014/15 жылы Еуропа лигасының екінші айналымында 2021/22 жылы Чемпиондар лигасының екінші раундында Сербияның "Црвена Звездасымен" кездескен. Сонымен қатар, "халықтың командасы" 2020/21 жылы Еуропа лигасының екінші кезеңінде және 2021/22 жылы Чемпиондар лигасының бірінші айналымында Хайфаның "Маккабиімен" ойнаған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар