Ғафуржан Сүйімбаев "Тұран" сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Түркістандық ұжымнан бөлек, "Тобыл" мен "Ақсу" клубтары да сол қапталдағы қорғаушыны қатарларына қосуы мүмкін.
Еске салайық, маусым аяқталысымен "Қайраттан" кеткен қорғаушы 2020 жылы "халықтық" командамен ел чемпионы атанған еді.
2021 жылы Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу айналымында "Қайрат" пен "Црвена Звезда" кездесуінде Ғафуржан Сүйімбаев ауыр жарақат алып, жыл соңына дейін алаңға шыға алмады. Нәтижесінде ұлттық құрама ойыншысы "Қайраттан" кетті.