"Қайраттың" екінші бомбардирі карьерасын Еуропада жалғастырмақ

11 желтоқсан 2019 17:45
© KazFootball.kz
"Қайрат" шабуылшысы Мартон Эппель алматылық командаға оралғысы келмейді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазіргі таңда 28 жастағы футболшы мажарстандық "Гонвед" сапында жүр, ол бұл командада бұрын да ойнаған. 

Алматылық клуб пен венгриялық легионер арасындағы келісімшарт желтоқсан аяғында аяқталады, алайда, футболшы Еуропаға оралу туралы шешім қабылдаған. Оған венгриялық бірнеше команда қызығып отыр. 

Өткен маусымда Эппель ҚПЛ-дегі 28 матчте 16 гол салып, үш ассист жасаған. Ол украиналық Адеринсола Эсеоладан үш гол ғана кем соғып, "Қайраттың" маусымдағы екінші бомбардирі болды. 

Форвард алматылық клубқа 2018 жылы жазда келген. Transfermarkt мәліметінше, "Қайрат" оның трансферіне 500 мың еуро жұмсаған, ал оның қазіргі құны 650 мың еуро. 

"Гонвед" сапында Эппель 2016 мен 2018 жылдар аралығы ойнады. Сонымен бірге, ол өз отанында "Дунауйварош", "Пакш", МТК клубтары мен голландиялық НЕК командасында өнер көрсетті. Венгрия құрамасына 2017 гжылы шақыртылған.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан құрамасының және "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Георгий Жуков краковтық "Вислаға" қосылған еді. 

Қазақстан құрамамсының ойыншысы Еуропалық клубтың ең қымбат футболшысы атанды
Жаңалықтар