Футбол
13 тамыз 09:46

"Қайраттың" ЧЛ-дегі тарихи матчінің тағдыры пенальти сериясында шешілді

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz. Қарымта кездесуде алматылық команда Словакиялық "Слованды" жеңіп, келесі айналымға өтті.

Матч барысы

Кездесудің басында Жоржиньо айып алаңы ішінен қатты соққы жасап, допты маңдайшаға тигізді.

Ал 30-минутта "Слован" "Қайраттың" қорғаныстағы қателігін пайдаланып, есеп ашты. Гол авторы – Роберт Мак.

Кейін ойын қос команда шабуылымен өрбіді. Кездесу барысында көптеген ескерту тіркелді: "Слован" ойыншылары сегіз, ал "Қайраттың" төрт футболшысы сары қағаз алды. Бір эпизодта қорғаушы Луиш Мата жарақат алып, екінші таймда алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Екінші таймда "Слован" гол соғуға жақын болды – доп бағанаға тиді. Алайда негізгі уақыт тең аяқталып, ойын қосымша уақытқа ұласты.

Қосымша уақытта жарақат алып, Георгий Зария да ойынды жалғастыра алмады. Оның орнына басқа ойыншы алаңға шықты.

Тарихтағы алғашқы пенальти сериясы

Қосымша уақытта гол соғылмады, матч алғаш рет "Қайраттың" еурокубок тарихында пенальти сериясына өтті.

Пенальти нәтижелері:

Марко Толич – гол (1:0)
Валерий Громыко – мүлт кетті
Петер Покорны – гол (2:0)
Александр Мартынович – гол (2:1)
Николай Кухаревич – гол (3:1)
Рикардиньо – гол (3:2)
Ален Мустафичтің соққысын Александр Заруцкий қайтарды
Егор Сорокин – гол (3:3)
Тигран Барсегян – мүлт кетті
Жоржиньо – шешуші гол (4:3)


Келесі қарсылас – "Селтик"

Осылайша, "Қайрат" өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Команда Рафаэль Уразбахтиннің жетекшілігімен енді Шотландияның "Селтик" клубымен кездеседі:

Бірінші матч: 20 тамыз, Глазго
Қарымта ойын: 26 тамыз, Алматы

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport