Футбол
23 шілде 10:21

"Қайраттың" ЧЛ-дегі сенсациялық матчіндегі үздік ойыншысы анықталды

©"Қайрат" ФК

"Футбол на Куличках" (ФНК) сайты Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында финляндиялық КуПС пен алматылық "Қайрат" арасындағы алғашқы матчтың үздік ойыншысын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Куопиода өткен кездесу алаң иелерінің күтпеген жеңісімен (2:0) аяқталды.

ФНК нұсқасы бойынша матчтың үздік ойыншысы - екінші голдың авторы Яакко Оксанен атанды.

"Оксанен орталық алаңда үлкен жұмыс атқарды. Ол қарсыластың шабуылдарын бұзып қана қоймай, өз командасының шабуылдарына да белсенді араласып отырды. Нәтижесінде Яакко алаңнан голсыз кеткен жоқ: алаң иелерінің 13-нөмірі екінші таймда айып алаңынан тыс жерден керемет соққы жасап, допты қақпаның дәл "тоғыздығына" бағыттады", - делінген ФНК материалында.

Қарымта кезедсу 29 шілде Алматыда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport