"Олимпиакос" футбол клубы Грекия чемпионатының алтыншы турында ПАОК командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Салоники қаласындағы "Тумба" стадионында өткен матч 2:1 есебімен алаң иелері пайдасына аяқталды.
Жеңіске жеткен ПАОК сапынан Тайсон (63-минут) және пенальтиден Андрия Живкович (75-минут) гол соқты.
Олимпиакос құрамындағы жалғыз голды 22-минутта Чикинью соқты.
Бұл "Олимпиакос" үшін маусымдағы алғашқы жеңіліс болды. Қазіргі таңда команда 13 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға түсті. Ал ПАОК 14 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді.
Еске салайық, "Олимпиакос" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде "Қайрат" командасының қарсыласы. Бұл кездесу 9 желтоқсан күні Алматыда өтеді.