Орхей қаласында Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы өтті. Бұл ойында молдовалық "Милсами" мен финляндиялық КуПС клубы кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Негізгі уақыттың 90 минутында екі команда да есеп аша алмады - матч 0:0 есебімен тең аяқталды.
Алғашқы кездесудегі жеңілістен кейін алаң иелері жағдайды түзетуге тырысты, алайда, қарсылас қақпасына қажетті қысымды жасай алмады. Финдік команда өте мұқият ойнап, "Милсамидің" шабуыл әрекеттерін сәтті тежеді және өткен аптадағы өз алаңындағы минималды жеңісін (1:0) сақтап қалды.
Осылайша, екі кездесудің қорытындысы бойынша (1:0) келесі кезеңге финляндиялық клуб жолдама алды. Енді КуПС екінші іріктеу раундында алматылық "Қайратпен" ойнайды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық клуб словениялық "Олимпияға" қарсы қарымта ойынды Алматыда өткізіп, 2:0 есебімен сенімді жеңіске жеткен болатын. Жоржиньо есепті бесінші минутта ашып, ал Александр Мрынский бірінші тайм соңына қарай "Қайраттың" басымдығын еселеген. Қос матч қорытындысы бойынша (3:1) "Қайрат" келесі кезеңге өтті.
Жарнама