"Қайраттың" черногориялық "Будучность" пен беларуссиялық "Рухқа" қарсы ойындарына тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 9 ақпанда алматылық "Қайрат" Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары шеңберінде екі бақылау матчін өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Алексей Шпилевский жаттықтыратын команданың бірінші қарсыласы белоруссиялық "Рух". Бұл ойын Қазақстан астанасының уақытымен 14:00-де басталады.

20:00-де Черногория чемпионы - "Будучностьке" қарсы ойын басталады.

Мұның алдында "Қайрат" Түркияда үш бақылау матчін өткізіп, үшеуінде де ұтылды: мәскеулік "Динамо" (0:2), самаралық "Крылья Советов" (2:3) және украиналық "Александриядан" (1:4).