Бүгін, 9 ақпанда алматылық "Қайрат" Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары шеңберінде екі бақылау матчін өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Алексей Шпилевский жаттықтыратын команданың бірінші қарсыласы белоруссиялық "Рух". Бұл ойын Қазақстан астанасының уақытымен 14:00-де басталады.
20:00-де Черногория чемпионы - "Будучностьке" қарсы ойын басталады.
Мұның алдында "Қайрат" Түркияда үш бақылау матчін өткізіп, үшеуінде де ұтылды: мәскеулік "Динамо" (0:2), самаралық "Крылья Советов" (2:3) және украиналық "Александриядан" (1:4).