"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы "Црвена Звездамен" екінші ойынына тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 29 шілдеге қараған түні "Қайрат" Чемпиондар лигасы екінші іріктеу раунды аясында "Црвена Звездамен" қарымта кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Белградта өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 00:30. Ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Трнасляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Бірінші ойында алматылықтар 2:1 есебімен ұтқан.

Коронавируске шалдыққандықтан бұл кездесуде "Қайраттың" негізгі қақпашы Стас Покатилов ойнай алмайды. Сонымен қатар, алматылықтарға Ғафуржан Сүйімбаев, Небойша Косович және Жоао Пауло да көмегін бере алмайтын болды.

Келесі кезеңге өткен команда "Алашкерт" (Армения) - "Шериф" (Молдова) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport