Футбол
23 шілде 10:12
 

"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы матч сенсациямен бітті

  Пікірлер

blog.share

"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы матч сенсациямен бітті ©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда финляндиялық КуПС командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда финляндиялық КуПС командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Финляндияның Куопио қаласында өтті және финляндиялықтардың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды.

49-минутта КуПС шабуылшысы Мохамед Туре айып алаңы сызығының маңынан тепкен добымен Александр Заруцкий қақпасының жоғары бұрышын дәл көздеді.


71-минутта Яакко Оксанен де айып алаңынан тыс жерден күшті соққы жасап, допты "тоғыздыққа" дәл бағыттады.


Айта кетерлігі, бірінші таймда "Қайраттың" белорусиялық жартылай қорғаушысы Валерий Громыко финляндиялықтар қақпасына гол соққан еді, алайда, испаниялық төреші Алехандро Муньис Руис бұл голды офсайд үшін есепке алмады.

Енді қарымта матч 29 шілде күні Алматыда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!