Футбол
22 қазан 09:52
 

"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыластары қалай ойнады?

  Пікірлер

blog.share

"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыластары қалай ойнады? ©x.com/Inter_en

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында «Қайраттың» қарсыластары да өз ойындарын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында «Қайраттың» қарсыластары да өз ойындарын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Италияның «Интері» сырт алаңда Бельгияның «Юнион» клубын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Голдарды Дензел Дюмфрис (41-мин), Лаутаро Мартинес (45+1), Хакан Чалханоглу (53, пенальти) және Франческо Эспозито (76) соқты.

Данияның «Копенгаген» клубы өз алаңында Дортмундтың «Боруссиясына» 2:4 есебімен есе жіберді. Қонақтар сапынан Феликс Нмеча (20, 76), Рами Бенсебаини (61, пенальти) және Фабиу Силва (87) көзге түсті. Ал алаң иелері бір голды Вальдемар Антонның автоголы (33) арқылы қайтарып, тағы бір дәл соққыны Виктор Дадасон (90) жасады.

Грекияның «Олимпиакосы» сырт алаңда «Барселонадан» 1:6 есебімен ойсырай ұтылды. «Барса» сапынан Фермин Лопес хет-трик жасады (7, 39, 76), сондай-ақ Ламин Ямаль (68, пенальти) мен Маркус Рэшфорд (74, 79) бір-бірден гол енгізді. Қонақтардың жалғыз голы пенальтиден Айюб Эль-Каабиге (54) тиесілі.

Ал Лондонның «Арсеналы» өз алаңында мадридтік «Атлетиконы» 4:0 есебімен талқандады. Барлық гол екінші таймда соғылды — Габриэл (57), Габриэл Мартинелли (64) және Виктор Дьекереш (67, 70).

Чемпиондар лигасының 3-тур нәтижелері:

? «Барселона» (Испания) – «Олимпиакос» (Грекия) – 6:1
? «Қайрат» (Қазақстан) – «Пафос» (Кипр) – 0:0
? «Арсенал» (Англия) – «Атлетико» (Испания) – 4:0
? «Байер» (Германия) – ПСЖ (Франция) – 2:7
? «Вильярреал» (Испания) – «Манчестер Сити» (Англия) – 0:2
? «Ньюкасл» (Англия) – «Бенфика» (Португалия) – 3:0
? ПСВ (Нидерланд) – «Наполи» (Италия) – 6:2
? «Юнион» (Бельгия) – «Интер» (Италия) – 0:4
? «Копенгаген» (Дания) – «Боруссия Д» (Германия) – 2:4

22 қазанда өтетін кездесулер:
? «Атлетик» (Испания) – «Қарабақ» (Әзербайжан)
? «Галатасарай» (Түркия) – «Будё-Глимт» (Норвегия)
? «Реал» (Испания) – «Ювентус» (Италия)
? «Айнтрахт» (Германия) – «Ливерпуль» (Англия)
? «Челси» (Англия) – «Аякс» (Нидерланд)
? «Монако» (Франция) – «Тоттенхэм» (Англия)
? «Бавария» (Германия) – «Брюгге» (Бельгия)
? «Спортинг» (Португалия) – «Марсель» (Франция)
? «Аталанта» (Италия) – «Славия» (Чехия)

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алдағы ойындары:
? 6 қараша — «Интер» – «Қайрат» (01:00)
? 26 қараша — «Копенгаген» – «Қайрат» (22:45)
? 9 желтоқсан — «Қайрат» – «Олимпиакос» (20:30)
? 20 қаңтар — «Қайрат» – «Брюгге» (20:30)
? 29 қаңтар — «Арсенал» – «Қайрат» (01:00)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!