Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчта бельгиялық «Брюггеден» ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші таймда-ақ басымдық толықтай алаң қонақтарында болды. Бельгиялық команда алаң иелерінің қақпасына екі жауапсыз гол соқты. Есеп 32-минутта ашылды: Александар Станкович допқа бірінші болып жетіп, қақпашы Темірлан Анарбековтың сәтсіз ойынын тиімді пайдаланып, бос қақпаға дәл соққы жасады. Голкипер қақпадан шығып, допты сәтсіз теуіп сербиялық футболшыға тура беріп қойды.
Араға алты минут салып, 38-минутта қонақтар басымдығын еселей түсті. Ханс Ванакен жақын қашықтықтан соққы жасап, алматылықтарға мүмкіндік қалдырмады.
74-минутта Ромео Верман есепті еселеді, он минуттан кейін Брэндон Мехеле тағы бір гол соғып, есеп 4:0 болды.
Матчтың соңында алматылықтар бір гол сала алды. 90+2-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Әділет Садықбеков допты сәтті күтіп алып, айып алаңы сызығынан дәл соққы жасап, есепті 1:4-ке өзгертті. Бұл гол - «Қайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңында соққан алғашқы добы болды.
Турнирлік кестедегі жағдайАйта кетейік, бұл матч алматылықтар үшін турнирдегі өз алаңындағы соңғы ойыны болды. Соңғы, 8-турда «Қайрат» сырт алаңда лондондық «Арсеналмен» кездеседі. Ойын қаңтардың 29-на қараған түні өтеді.
Қазір бір ғана ұпай жинаған «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі турнир кестесінде соңғы, 36-орында тұр.