"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы бірінші ойынына тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 7 шілдеде алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің бірінші раундында израильдік "Маккабиге" қарсы ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Израильдің Хайфа қаласындағы "Самми Офер" стадионында өтеді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 23:00-де. Ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Кеше командалардың бас бапкерлері қатысқан баспасөз мәслихаты өтті. "Қайратты" жаттықтыратын Кирилл Кекер алматылықтар қарсыласты құрметтейтінін, алайда, еш сескенбейтінін айтқан. Ал өз кезегінде Барак Бахар израильдік команда ойынға жақсы дайындалғанын атап өтті. 

Қарымта кездесу 14 шілдеде Алматыда өтеді деп белгіленген.