"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы Алматыдағы ойынына көреремен кіргізу мәселесі шешілді

Сурет: "Қайрат" ФК

Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі "Қайрат" пен "Маккаби" Хайфа арасындағы қарымта матч көрермендердің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында алматылық клуб үкіметтен матчтерді толық стадионмен өткізуге рұқсат беруін сұраған. 

Осыдан кейін стадионның 50 пайызына ғана көреремен кіргізуге рұқсат берілді. "Қайрат" билеттерді сатылымға шығарды. Матчті тамашалуға келушілер ASHYQ қосымшасын жүктеп алып, әлеуметтік қашықтықты ұстануы қажет және міндетті түрде бетпердемен болуы керек. 

Еске салайық, "Қайрат" - "Маккаби" қарымтасы 14 шілде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, басталуы 20:00. 

Хайфада өткен бірінші кездесу 1:1 есебімен аяқталды.