Футболдан Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, "Қайраттың" алғашқы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматылық ұжымға Словенияның "Олимпия Любляна" командасы қарсылас атанды.
Бірінші іріктеу кезеңнің алғашқы ойындары 8/9 шілдеге, ал қарымта матчтар 15/16 шілде күніне жоспарланған.
"Қайрат" бірінші ойынды сырт алаңда, ал қарымта матчты Алматыда өткізеді.
Жарнама