"Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав карьерасын отанында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Журналист Фабио Алейшоның мәліметінше, 38 жастағы форвард апта соңына дейін бразилиялық клубтарыдың бірімен келісімшартқа отырады.
Еске салайық, Лав 2020 жылдан бастап "Қайрат" сапында ойнады. Алматылық клубпен ол ел чемпионаты және Кубокті ұтқан. Қыста ол даниялық "Мидтьюлланд" командасына қосылып, сол елдің Кубогін жеңіп алды.
1 шілдеден бері бразилиялық еркін агент.