Алматылық "Қайрат" пен оралдық "Ақжайық" командасының бұрынғы шабуылшысы Адеринсола Эсеола Қазақстан біріншілігіне қайта оралуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Біздің қолда бар ақпарат бойынша, украиналық шабуылшығы Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін бірнеше команда ұсыныс жасаған. Қазіргі уақытта Эсеола ойланып жатыр екен.
ҚПЛ-де украиналық шабуылшы 2018-2021 жылғы маусым аралығында өнер көрсетті. Ол "Ақжайық" сапында 13 кездесуде 8 гол соқса, "Қайраттың" қатарында 84 ойында 38 мәрте көзге түскен.
2018 жылғы маусымда Эсеола 17 голмен Қазақстанның үздік сұрмергені атанды. Ал 2019 жылы шабуылшы "Астана" ойыншысы Марин Томасовпен үздік сұрмерген атағын бөлісіп алды. Бұл маусымда екі футболшы да 19 голдан соқты.
2021 шабуылшы Украина чемпионатына оралып. "Ворксла" командасына қосылды. Алайда желтоқсан айының соңында ол полтавалық командадан кетті.