"Қайрат" сапында Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет үздік сұрмерген атанған ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу Түркияда "Ақтөбе" командасының оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
33 жастағы шабуылшы "Ақтөбе" командасы сапында бақылаудан өтеді. Бірақ дереккөздің айтуынша, Гоу қиындыққа тап болуы мүмкін. Себебі ол жаттығу жиындарына артық салмақпен, яғни 106 келімен келген.
Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша Владимир Муханов бастаған бапкерлер Жерар Гоуға байланысты нақты шешім шығарады.
Айта кетейік, "Қайраттан" кеткеннен кейін Гоу Түркия және Қытай жерінде өнер көрсетті. Оның соңғы командасы "Касымпаша" болды.