"Қайраттың" бұрынғы ойыншысы ҚПЛ-дің көшбасшы клубтарының біріне ауысуы мүмкін

Ермек Қуантаев. Фото: ФК "Кайрат"©

"Тұран" клубының қорғаушысы Ермек Қуантаев ҚПЛ-дің бес ойынында 11 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келе жатқан "Таразға" ауысуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz мәлімдеді. 

30 жастағы футболшы "Тұран" сапында екі ойын ғана өткізіп, клуб ауыстыруға шешім қабылдады.

Қазақстан біріншілігінің көш басында тұрған командалардың бірі Мақсат Әмірханов пен Берік Айтбаевтың жарақаттарына байланысты қорғаушыларға зәру болып отыр.

Екі ойыншының да қашан қалыпқа келетіні белгісіз. 

Қуантаевқа келсек, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы үміткері "Тұран" клубының қазіргі жағдайына, оның ішінде клубтағы жұмыстың ұйымдастырылуы ұнамаған көрінеді.  

Естеріңізге сала кетейік, ойыншы кезінде "Тобыл", "Қайрат" және "Жетісу" клубтары сапында өнер көрсеткен еді. 

Метки: