"Қайраттың" бұрынғы ойыншысы "Ақтөбеге" өтті

© "Қайрат" ФК
Қазақстандық жартылай қорғаушы Рифат Нурмугамет "Ақтөбемен" келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды футбол клубының баспасөз қызметі. 

23 жастағы Нурмугамет "Қайрат" футбол мектебінің түлегі. Алматылықтардың негізгі командасы үшін 2014 жылы ойнай бастап, ресми алты матчте бір гол салған. Маусым аралғыныда ол клубпен екі жиынғы қатысып, кейін "Ақтөбенің" оқу-жаттығу жиындарына аттанды. 

Сонымен қатар, Нурмугамет "Қайрат-Жастар" мен екі рет жалға берілген "Жетісу" сапында өнер көрсеткен. Ол Қазақстанның жасөспірімдер (17 жасқа дейін) және жасатр құрамасында ойнаған. 
Жаңалықтар