"Қайраттың" бұрынғы көшбасшысы Михаил Бакаев клубсыз қалды

30 желтоқсан 2021 12:24
©"Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтер" ресейлік жартылай қорғаушы Михаил Бакаевпен қоштасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

34 жастағы футболшы "кеншілер" сапында 37 матчке қатысып, екі нәтижелі пас берді. Бакаев алаңға алты рет капитан ретінде шыққан.

Алматылық клубпен ол үш рет чемпинаттың күміс жүлдегері атанды, екі рет Кубокты және бір рет Суперкубокты ұтқан. 

Кейін хавбек Ресейге оралып, "Шахтерге" қосылғанға дейін ярославтық "Шинник" үшін ойнады. Сонымен бірге, ол "Оренбург", "Анжи" мен "Аланияда" өнер көрсеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар