"Қайраттың" бұрынғы көшбасшысы Қазақстан премьер-лигасына оралды

© "Қайрат" ФК
Қарағандылық "Шахтер" өзінің ресми сайтында жартылай қорғаушы Михаил Бакаевты сапына қосқанын хабарлады. 

32 жастағы хавбек ойнаған кейінгі клуб ярославльдік "Шинник" болды. Сонымен бірге, Бакаев "Оренбург", "Анжи" мен "Алания" сапында өнер көрсетіп, Ресей премьер-лигасында жалпы төрт маусым ойнады. 

ҚПЛ-де Бакаев 2014 пен 2017 жылдар алағы ойнаған, ол кезде "Қайрат" сапында болды. Алматылық клубпен ол ел чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері атанды, екі рет Кубок пен бір мәрте Суперкубокты ұтты. Қазақстан премьер-лигасында ол жалпы 100 матч өткізген. 
Жаңалықтар