"Қайраттың" бұрынғы қорғаушысы карьерасын қайда жалғастыратыны анықталды

©"Қайрат" ФК

"Қайраттың" бұрынғы қорғаушысы Камо Оганесян карьерасын Грекияда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы армениялық журналист Грача Хачатрян мәлімдеді. 

"Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесян қазір еркін агент. Ол карьерасын Грекия чемпионатында жалғастыруы мүмкін", - деп жазды ол твиттер парақшасында. 

Өткен маусымда Оганесян "Қайрат" сапында 25 кездесуге қатысып, төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол Конференция лигасында да бір мәрте көзге түсті. 

Ал маусым аяқталғаннан кейін қорғаушының "Қайратпен" келісімшарты аяқталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: