"Қайраттың" бұрынғы капитаны бундеслигадағы дебютін жеңіліспен бастады

©"Бохум" ФК

Польшалық футболшы Яцек Гуральски "Қайраттан" кеткеннен кейін бундеслига клубы "Бохум" сапындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алайда Гуральскидің дебюті сәтті болмады. Оның командасы өз алаңында "Бавариядан" 0:7 есебімен ойсырай жеңілді. Матч барысында Лерой Сане (4-ші минут), Маттейс де Лигт (25-ші), Кингсли Коман (33-ші), Садио Мане (42-ші, 60-шы минутта пенальтиден), Кристиан Гамбоа (69-шы, өз қақпасына) және Серж Гнабри (76-шы минутта) көзге түсті.

Гуральски алаңға 68-ші минутта, Филипп Ферстерді алмастыруға шықты.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар