"Қайраттың" бұрынғы капитаны әлем чемпионатына қатыспайтын болды

©footballhd.kz

Польша құрамасының бас бапкері Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Бұл тізімге "Қайраттың" бұрынғы капитаны Яцек Гуральски кірмеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

30 жастағы жартылай қорғаушы биыл жарақатына байланысты Бундеслигадағы "Бохум" командасында үш қана ойын өткізді. Осыған байланысты бас бапкер оны тізімге қоспаған. 

Польшаның құрамы мынадай:

Қақпашылар: Бартоломей Дронговски ("Специя", Италия), Войцех Щенсны ("Ювентус", Италия), Лукаш Скорупски ("Болонья", Италия); 

Қорғаушылар: Ян Беднарек ("Саутгемптон", Англия), Бартош Берешиньски ("Сампдория", Италия), Мэтти Кэш ("Астон Вилла", Англия), Камил Глик ("Беневенто", Италия), Роберт Гумни ("Аусгубрг", Германия), Артур Енджейчек ("Легия"), Якуб Кивиор ("Специя", Италия), Матеуш Витеска ("Клермон", Франция), Никола Залевски ("Рома", Италия);

Жартылай қорғаушылар: Крыстян Белик ("Бирмингем", Англия), Пшемыслав Франковски ("Ланс", Франция), Камил Гросицки ("Погонь"), Якуб Камински ("Вольфсбург", Германия), Гжегож Крыховяк ("Аль-Шабаб", Сауд Арабиясы), Михал Скораш ("Лех"), Дамиан Шиманьски (АЕК, Грекия), Себастьян Шиманьски ("Фейеноорд", Голландия), Петр Зелиньски ("Наполи", Италия), Шимон Журковски ("Фиорентина", Италия);

Шабуылшылар: Роберт Левандовски ("Барселона", Испания), Аркадиуш Милик ("Ювентус", Италия), Кшипштоф Пентек ("Салернитана", Италия), Карол Свидерски ("Шарлотт", АҚШ).

Айта кетейік, әлем чемпионаты 20 қараша күні басталып, 18 желтоқсан күні аяқталады. Польша құрамасы топтық кезеңде Сауд Арабиясы, Аргентина және Мексикамен ойнайды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар