Футбол
22 мамыр 2022 16:07

"Қайраттың" бұрынғы бапкері кипрлік клубты тарихында алғаш рет еурокубокқа шығарды

©Қайрат ФК

Лимассолдық "Арис" Кипр чемпионатының чемпиондар тобының 10-туры аясындағы ойында "Анортозды" 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап "Аристің" бас бапкері "Қайраттың" экс-жаттықтырушысы Алексей Шпилевский. Осылайша, "Арис" өз тарихында алғаш рет УЕФА Конференция лигасының жолдамасын жеңіп алып, маусымды Кипр чемпионатының 4-орнында аяқтады.

"Анортоз" (Ларнака, Кипр) - Арис (Лимассол, Кипр) 0:3 (0:1)

Гол соққандар: Стиви Яго 43 (0:1), Матиа Спольярич 62 (0:2), Матиа Сполярич 69 (0:3).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport