"Қайраттың" бұрынғы бапкері жаңа клубында Аргентина құрамасының жаттықтырушысын алмастырды

Карлос Феррер. Сурет: "Кайрат" ФК
"Қайраттың" бұрынғы бас бапкері Карлос Феррер "Катар СК" клубын жаттықтыратын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

43 жастағы испаниялықтың келісімшарты бір маусымға есептелген. Катарлық клубта Феррер Аргентина құрамасының бұырнғы бапкері Серхио Батистаны алмастырды. Өткен маусымда "Катар СК" соңғыдан бұрынғы 11-ші орында болды, шешуші матчте жеңіске жетіп жоғары лигада қалды. 



Феррер жаттықтырған соңғы клуб "ФАР Рабат" болған -  2019 жылдың маусымына дейін. Оның жаттықтыруымен клуб Марокконың жоғары лигасында 16 клуб арасында 14-ші болды.

Еске салайық, "Қайрат" клубын Ферре 2017 жылдың шілдесі мен 2018 жылдың қазаны аралығы жаттықтырған. Осы кезде алматылық Кубокты екі рет ұтып, чемпиоаттың күміс жүлдегері болған. Сонымен бірге, испаниялық Қазақстанның жастар құрамасында  (17 жасқа дейін) қызмет еткен.