"Қайраттың" бұрынғы бапкері Алексей Шпилевский жаттықтыратын "Арис" Кипр чемпионаты аяқталуына бір тур қалғанда кепілді түрде жеңімпаз атанып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл турнир кестесінде екінші тұрған АПОЭЛ 35-турда "Аполлоннан" (2:3) ұтылғаннан кейін болды. Осылайша, АПОЭЛ "Арситен" 6 ұпай артта қалды. Ал Лимасол қаласының клубы тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды.
Еске салайық, 35 жастағы Шпилевский 2018-2021 жылдар аралағы алматылық "Қайратты" жаттықтырған. 2020 жылы клуб ҚПЛ чемпионы болған еді.