"Қайраттың" бұрынғы бапкері Германиядағы қызметінен қуылды

20 қыркүйек 2021 20:33
©fc-erzgebirge

"Эрцгебирге" клубының басшылығы Алексей Шпилевскийді қызметінен босатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Клуб басшылығы аталмыш шешімді "Падерборннан" (1:4) оңбай ұтылған соң қабылдап отыр. Шпилевский неміс командасымен жеті ойында небәрі 3 ұпай еншілеген болатын. Соның салдарынан "Эрцгебирге" турнир кестесінде 18 орынға түсіп қалды.

Еске салайық, беларуссиялық маман осыған дейін Алматының "Қайратын" жаттықтырды. Өткен жылы "халықтық" командамен бірге Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: