"Эрцгебирге" клубының басшылығы Алексей Шпилевскийді қызметінен босатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Клуб басшылығы аталмыш шешімді "Падерборннан" (1:4) оңбай ұтылған соң қабылдап отыр. Шпилевский неміс командасымен жеті ойында небәрі 3 ұпай еншілеген болатын. Соның салдарынан "Эрцгебирге" турнир кестесінде 18 орынға түсіп қалды.
Еске салайық, беларуссиялық маман осыған дейін Алматының "Қайратын" жаттықтырды. Өткен жылы "халықтық" командамен бірге Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды.