"Қайраттың" бұрынғы бапкері еуропалық клубты жаттықтыра бастады

©"Тараз" ФК

Алматылық "Қайраттың" бұрынғы бас бапкері Алексей Шпилевский кипрлік "Аристі" жаттықтыратын болды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Шпилевский 2021 жылы жазда "Қайраттан" кеткеннен кейін екінші бундеслигадағы "Эрцгебиргті" жаттықтыра бастаған, бірақ, онда қыркүйек айына дейін ғана болды. Осыдан кейін белоруссиялық маман жұмыссыз жүрді.

"Қайратты" Шпилевский 2019 жылдан бастап жаттықтырды. Оның жетекшілігімен алматылықтар 16 жылдан кейін қайтадан чемпион атанып, ҚПЛ-2020 маусымын жеңіп алды.

Айта кетейік, "Арис" Кипр чемпионатында бесінші келеді. Есебінде 36 ұпайы бар клуб көш басындағы "Аполлоннан" он балл кем жинап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар