"Қайраттың" бірнеше мықты ойыншысы командадан кетпек

©"Қайрат" ФК

"Қайраттың" төрт жетекші футболшысы клубтан кететінге ұқсайды, деп хабарлайды Kazfootball.kz.

Мәлімет бойынша, олар 2021 жылғы команданың үздік бомбардирі Артур Шушеначев, Айбол Әбікен, Небойша Косович пен Раде Дугалич. Бұл ойыншылар командамен оқу-жаттығу жиынына бармаған. 

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Шушеначев шетелдік бірнеше клубтан ұсыныс алыпты. 

Әбікен 2021 жылы ойын уақыты азайғандықтан Қазақстан құрамасындағы орнынан айырылды.

Косович пен Дугалич еңбекақысын төмендетуге келіспеді. Клуб бұл ойыншыларға қатысты ұсыныстар күтіп отыр, егер ондай болмаса, келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға дайын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport