"Қайраттың" бірнеше көшбасшы футболшылары командадан кетеді

10 желтоқсан 2021 18:34
©"Қайрат" ФК

"Қайрат" командасынан Дино Миканович, Раде Дугалич және Камо Оганесян кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, бұл футболшылардың барлығы заттарын жинап, пәтерлерін өткізген. 

Биылғы маусымда Миканович Қазақстан чемпионатында 20 ойын өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түспеген. Дугалич 21 кездесуде 1 гол соқса, Оганесян 25 ойында төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

Статистикасынан байқап тұрғандарыңыздай, Миканович пен Дугалич сәтсіз маусым өткізсе, Оганесян ең үздік маусымдарының бірін өткізді. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Камоға бірнеше еуропалық клуб қызығушылық білдіруде. Оның ішінде испаниялық команда да бар. Ал Миканович пен Дугаличтің карьерасын қайда жалғастыратыны белгісіз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: