"Қайраттың" экс-форварды Вагнер Лав спорттық карьерасын Бразилияның "Спорт Ресифи" клубында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Спорт журналисі Фабио Алейшоның айтуынша, 38 жастағы шабуылшы жаңа комадамен келісімшартқа отырған.
"Вагнер Лав "Спорт Ресифи" командасының жаңа шабуылшысы атанады. Барлық құжаттарға қол қойылды", - деп жазды Алейшо.
Еске салайық, Лав 2020-2021 жылдары "Қайраттың" намысын қорғады. 35 ойында 14 гол салды. "Қайратпен" ел чемпионы атанып, Қазақстан кубогін иеленді.