"Қайраттың" бас директоры әлішер Апсалямов алматылық клубтан кетті, - деп хабарлайды KazFootball.kz.
Апсалямов 2017 жылы ақпанда бас директор болып сайланған. Оның футбол және спорттық менеджмент тәжірибесі бар, Suffolk University қабырғасында білім алған, "Кардифф Сити" (Англия) мен "Сараево" (Босния және Герцеговина) футбол клубтарында әкімшілік қызметтерде болған.
"Қайраттың" бас директоры қызметін уақытша атқарушы Марат Баймуханов болады.
Жарнама