Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Құрбан Бердыев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
Инсайдердің ақпараты бойынша, бапкер Алматыға келіп тест тапсырған. Сол тесттен оның вирус жұқтырғаны анықталды. Енді маман оқшауланған.
Еске салайық, "Қайрат" қазір Алматы қаласында маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.