"Қайраттың" бас бапкері болашағына байланысты мәлімдеме жасады

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" командасының бас бапкері Кирилл Кекер алматылық командадағы болашағына байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Біздің командағы қатысты әркім бір құрастырған өтірік алып-қашпа әңгіме көп айтылады. Өкінішке қарай, бұл ақпаратты БАҚ пайдаланады. Біз жуырда Жоао Пауломен келісімшартты ұзарттық. Бұл бізде барлығы жақсы дегенді білдіреді. Ал менде келесі жылдың соңына дейін келісімшарт бар. Сондықтан өз жұмысымды жалғастырамын. Клубта барлығы дұрыс екенін дәлелдеу үшін не істеу керектігін мен білмеймін. 

Алматылық жанкүйерлер осыған дейін командада болған жұлдыздарға үйреніп қалған шығар. Мысалы, бұған дейін біздің комамндада Аршавин, Тимощук, Вагнер Лав секілді футболшылар болған. Алайда бізде қазір жас және қазақстандық ойыншыларға мүмкіндік беруге арналған жоспар бар. Ел футболының ертеңі саналып, академиядан шыққан жас футболшылардың біздің командада ойнағаны қуантады. Олар өте көп тәжірибе алуда. Бүгінгі таңда біздің бес ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды. Ал алда тағы да талантты жас ойыншылар шығады. Клубтың дамытуға байланысты бізде нақты жоспар бар. Біз сол бойынша жұмыс істеп келеміз", - деп келтіреді бапкердің сөзін клубтың баспасөз қызметі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport