Футбол
Бүгін 13:55

"Қайраттың" бас бапкері аяқ-асты клубтан кететін болды

©"Қйрат" АФК

"Қайрат" АФК жақын уақытта бас бапкері Даниэль Жуниормен қоштасуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилиялық маман Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі басталғанға дейін алматылық клубтан кетеді деп күтілуде. Оның аяқ-асты кетуіне отбасылық жағдайлар да себеп болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, "Қайраттың" бас бапкері міндетін клуб құрылымындағы мамандардың бірі уақытша атқарып, маусым соңына дейін команданы басқарады.

45 жастағы Жуниор "Қайратты" 2025 жылдың тамыз айында тізгіндеген болатын. Оның жетекшілігімен клуб Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Алайда кейін команда ел кубогының жартылай финалында жарыстан шығып қалды және Чемпиондар лигасының ширек финалында тоқтады.

Сонымен қатар, алматылық ұжым Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымын "Семейден" кейін екінші орында аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport