Футбол
23 шілде 11:32
 

"Қайраттың" бапкері Чемпиондар лигасында неге ұтылғандарын түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

"Қайраттың" бапкері Чемпиондар лигасында неге ұтылғандарын түсіндірді ©"Қайрат" ФК

"Қайрат" клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында финляндиялық КуПС командасынан сырт алаңда 0:2 есебімен ұтылған матчті қорытындылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Қайрат" клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында финляндиялық КуПС командасынан сырт алаңда 0:2 есебімен ұтылған матчті қорытындылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Куопиода өткен ойын алаң иелерінің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Енді қарымта кездесу 29 шілде Алматыда өтеді.

"Матч біз үшін жақсы басталды. Бірінші таймда бірнеше жақсы мүмкіндіктеріміз болды, оларды голға айналдыру керек еді. Өкінішке қарай, пайдалана алмадық. Екінші таймда қарсылас гол соқты - біз есепті теңестіруге тырысып, алға ұмтылдық, бірақ, сол шабуылдардың бірінде екінші голды жіберіп алдық.

Жағдайды түзетуге тырыстық, бірақ қарсылас жақсы қорғанып, бізге гол соғуға мүмкіндік бермеді. Бұл - футбол. Дегенмен бірінші таймдағы сәттерімізді пайдалануымыз керек еді. Енді бар күшімізді жқарымта матчқа саламыз.

Қарсыласымызды жақсы талдап шықтық, дайындық жоғары деңгейде болды - бұл өте мықты, өз стилі бар команда, бапкердің қолтаңбасы байқалады. Олардың қақпашысы жиі алға шығып ойнайтынын білдік, сол себепті прессинг жасауымыз керектігін түсіндік. Егер прессинг жасамасақ, олар қақпашының арқасында артықшылыққа ие болар еді.

Прессинг жасауға тырыстық - бірінші таймда кей сәттерде бұл жақсы шықты. Әрине, бүкіл ойын бойы жоғары қарқында прессинг жасау қиын. Сол себепті шабуыл шебін жаңартуға тырыстық, өйткені алғашқы прессингті солар бастайды. Жігіттер шаршады - біз шабуылды жаңартып, қарсыласты қысымда ұстауды жалғастырғымыз келді.

Қапрымта матчте қарсыластың алғашқы ойында алған басымдығын жоюға тырысамыз. Жанкүйерлеріміз бен өз алаңымыздағы атмосфера бізге көмектеседі деп сенеміз", - деді Уразбахтин матчтен кейін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!