"Қайраттың" 19 жастағы жаңа шабуылшысы бірінші ойынында Вагнер Лавтың орнына шықты
Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-ші турындағы "Таразға" қарсы матчте "Қайрат" сапында Денис Митрофанов алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі.
Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-ші турындағы "Таразға" қарсы матчте "Қайрат" сапында Денис Митрофанов алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі.
19 жастағы шабуылшы алаңға 90-шы минутта Вагнер Лавтың орнына шықты. Таразда өткен кездесу 2:0 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталған еді.
Айта кетейік, Митрофанов "Алтай" клубының тәлімгері. Өскемендік клуб үшін ол бірінші лигада 11 матчте екі гол салып, бір нәтижелі пас берген.
18-маусымдағы келесі турда "Тараз" сырт алаңда "Шахтермен", ал "Қайрат" келесі күні "Тұранмен" ойнайды.
Жарнама