Алматылық "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы мадридтік "Реалға" қарсы алдағы матчқа қатысты ойын айттыі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші туры аясындағы бұл кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді.
"Бұл - үлкен жауапкершілік. Тек клуб үшін емес, бүкіл ел үшін ойнау керек. Бізді бүкіл Қазақстан, тіпті ТМД елдері де қолдайды деуге болады. Қарсыласымыз – үлкен клуб, бірақ соған қарамастан, біз өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Бүкіл әлемге Қазақстанда талантты футболшылар бар екенін дәлелдегіміз келеді", – деді Қалмырза Qsport телеарнасының эфирінде.
18 жастағы Қалмырза Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алып, қатардан шығып қалғанына байланысты "Қайраттың" негізгі қақпашысы болып тұр.
Жарнама