"Алашкерт" клубының бас бапкері Александр Григорян қызметінен өз еркімен кетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бесінші турдың қорытындысы бойынша "Алашкерт" Армения чемпионатында 2 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.
"Өкінішке қарай, бесінші турдан кейін біздің команданың жағдайы мәз емес. Бұл дағдарыстан басқа бапкер алып шығу керек деп ойлаймын. "Алашкерт" клубына және барлық ойыншыларға алғыс айтамын. Қызметімнен кету керек деп шештім", - дейді бапкер Армения Футбол федерациясының YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, "Алашкерт" пен "Қайрат" Еуропа Лигасының үшінші айналымында кездесіп, қос матчтың қорытындысы бойынша армениялық клуб жеңіске жеткен еді.