Футбол
19 мамыр 2025 09:15
 

"Қайратты" ҚПЛ-2025 маусымында сенсациямен көш басынан сырып тастады

  Пікірлер

blog.share

"Қайратты" ҚПЛ-2025 маусымында сенсациямен көш басынан сырып тастады ©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" ҚПЛ-2025 маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Алматылық "Қайрат" ҚПЛ-2025 маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тоғызыншы тур аясында алматылықтар сырт алаңда "Елімаймен" кездесті. Қарсы шабуылдарға толы матч тартысты өтті.

Матчтың тағдыры екінші таймға қосылған қосымша уақытта шешілді. "Елімайдың" кезекті шабуылы алматылықтардың айып алаңына берілген паспен аяқталды. Қонақтар қақпашысы Александр Заруцкий мен қорғаушы Юг Станоевтің өзара түсініспеушілігі салдарынан алаңға ауысып шыққан Иван Свиридов бос қақпаның алдында қалып, гол соқты.


Осылайша, тең есепке үміттенген алматылықтар маусымдағы алғаш рет ұтылды.

Бұл нәтиже оларды екінші орынға ысырып тастады. Қазір Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттерінің еншісінде 23 ұпай бар, ал көш басына шыққан "Ақтөбенің" ұпай саны – 25.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!