1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
1 желтоқсан 11:54
 

"Қайратты" жаттықтырған белгілі бапкер көз жұмды

  Пікірлер

blog.share

"Қайратты" жаттықтырған белгілі бапкер көз жұмды ©Кирилл Кекер. Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін 46 жасында ФК "Кайрат" академиясының жетекшісі Кирилл Кекер көз жұмды, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

blog.share

Бүгін 46 жасында ФК "Кайрат" академиясының жетекшісі Кирилл Кекер көз жұмды, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл – бүкіл клуб үшін орны толмас және өте ауыр қаза. Біз он жылдан астам уақыт бойы "Кайрат" жүйесінің маңызды бөлігі болған, еліміздегі футбол дамуының бағытын айқындауға үлес қосқан адамның қазасына терең күйзеліп отырмыз.

Кирилл Сергейұлы өз ісіне адал кәсіби маман, талапшыл әрі әділ ұстаз болды. Ол жас ойыншылардың әлеуетін аша білген және олардың ең маңызды кезеңдерінде қолдау көрсете алған тұлға еді. Оның академияның, негізгі команданың және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының дамуына қосқан үлесіне баға беру қиын.

Әр жылдары ол клуб құрылымында маңызды қызметтер атқарды. 2022–2024 жылдары "сары-қаралардың" негізгі командасын басқарды. 2025 жылы академияны басқарып, сонымен қатар, Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасымен бірге жұмыс істеп, жаңа буын футболшыларын қалыптастыруды жалғастырды.

ФК "Кайрат" Кирилл Сергеевич Кекердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – делінген команданың хабарламасында.

Еске салайық, Кекердің ойыншы ретіндегі карьерасы "Сұңқар", "Восток", "Оқжетпес", "Қызылжар", "Есиль-Богатырь", сондай-ақ, СКНГ-Гвардия (Қырғызстан) клубтарында өткен.

Vesti.kz редакциясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!