"Қайратты" жаттықтыратын Шпилевский ҚПЛ-де шілденің үздік бапкері атанды

© "Қайрат" ФК
Қазақстаннның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың биылғы шілдесінің үздік футболшысы мен бапкерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді, - делінген ҚКФЛ ресми сайтында.

"Дауыс беру ел чемпионатына қатысатын клубтардың бас бапкерлері арасында жүрді. 

Үздік ойыншыны таңдауда олардың әрқайсысы үш футболшыдан үздігін атады. Осыдан кейін оларға ұпай жазылды: үш балл - бірінші орын, екі ұпай - екінші және бір ұпай - үшінші. 

Ал үздік бапкерді таңдауда мамандар бір ғана адамды атап отырды", - делінген хабарламада. 

Осылайша, шілдедегі үздік ойыншы "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан, алматылық клуб капитаны жалпы 17 ұпай жинады. 

"Шілденің үздік бапкері" атағы "Қайратты" жаттықтыратын маман Алексей Шпилевскийге бұйырды, ол төрт дауыс жинады.