"Қайраттан" тағы бір легионер кетті
©"Қайрат" ФК
Черногориялық жартылай қорғаушы Небойша Косович "Қайраттан" кетті. Мұндай шешімді команда мен футболшы ақылдаса келе шығарған, деп жазады KazFootball.kz порталы.
Черногориялық жартылай қорғаушы Небойша Косович "Қайраттан" кетті. Мұндай шешімді команда мен футболшы ақылдаса келе шығарған, деп жазады KazFootball.kz порталы.
Алматылық клуб сапында Косович 72 кездесу өткізіп, гол соғып және тоғыз нәтижелі пас берген. Оның "Қайратпен" келісімшарты 2022 жылдың соңында аяқталатын еді.
Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" сапынан Дино Меконович, Раде Дугалич және Камо Оганесянның кететіні белгілі болған еді.
Жарнама