"Қайраттан" тағы бір форфард еуропалық клубқа кетеді

© "Қайрат" ФК
Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы шабуылшысы Самат Сәрсенов "Қайрат" сапынан кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы бас бапкер Алексей Шпилевскийдің жоспарына кірмей отыр. Алдағы күндері клуб футболшының кететінін ресми жариялайды. 

2019 жылы Сәрсенов "Қайрат" үшін 5 матчте ойнады, осыдан кейін жыл ортасында "Таразға" жалға алу құқымен барып, 13 ойында бір гол салды. Алматылық клуб құрылымына форвард 2017 жылы келіп, келесі маусымда премьер-лигада ойнады. 

Сәрсенов баратын жаңа клуб Латвия чемпионатында төртінші тұрған "Валмиера". Әзірше футболшы еңбек визасын және басқа да құжаттық мәселелрмен жүр. Осы жұмыс біткесін трансфер туралы ресми хабарланады. 

Сәрсеновтың "Қайратпен" келісімшарты 2020 жылдың желтоқсанына дейін. Әзірге алматылық клуб ойыншыны жалға бере ме, сата ма әлде келісімшартты үзе ме, белгісіз.