Футбол
2 қараша 18:01

“Қайраттан” тағы бір бразилиялық футболшы кететін болды

©”Қайрат” ФК

Алматылық «Қайрат» клубының басшысы Қайрат Боранбаевтың айтуынша, биылғы маусымнан кейін командадан Жоао Пауломен қатар тағы бір бразилиялық шабуылшы — Элдер Сантана кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Келесі маусымнан бастап Қазақстан чемпионатында легионерлерге шектеу енгізіледі деп күтілуде. Жаңа ережеге сәйкес, клубтың өтінімінде шетелдік ойыншылар саны он адамнан аспауы тиіс.

«Жоао Пауломен бірге Элдер Сантана да кетеді. Легионерлерге қойылатын жаңа шектеулерге байланысты тағы екі шетелдік ойыншымен де қош айтысамыз. Бірақ жаңа ойыншылар да келеді — үш футболшыны құрамға қосамыз», — деді Қайрат Советаевич Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» Жоао Паулоның клубтан кететінін ресми түрде хабарлаған болатын. Сондай-ақ қазіргі уақытта алматылық клуб Офри Арад, Егор Сорокин және Георги Зариямен келісімшарттарын ұзартқан жоқ — олардың келісімшарт мерзімі жыл соңында аяқталады.

Еске сала кетсек, «Қайрат» биыл Қазақстан чемпионы атағын қорғап қалды және келесі жылы қайтадан Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport